Биыл елорда оқушыларына 1 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылы еліміздің оқушыларын профилактикалық тексеру және сауықтыру шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалған. Бұл туралы ҚазАқпарат «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.