Қазақстан мен Франция арасында Әблязовты экстрадициялау туралы келісім жасалмаған - СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мұхтар Әблязовті Қазақстанға экстрадициялау саяси деңгейде талқыланбайды. ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Президенттің Францияға сапары туралы сұрақтарға берген жауабында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.