Қазақстанда бірқатар меморгандар кадрлық процестерін автоматтандырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кадрлық іс-қағаздарды онлайн режимде жүргізетін жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.