Мексикада жарылыстан 71 адам қаза тапқан
Оқиға 19 қаңтарға қараған түні Мехико қаласынан шамамен 100 шақырым жерде болған. Алдын ала дерек бойынша, жарылысқа жанар май ұрлау мақсатында құбырды заңсыз кесу себеп болған.
Оқиға орнына әскерилер жіберілген. Құбырдан жанар май ұрлау оқиғалары елде жиі кездеседі. Ел билігі былтыр сондай оқиғалардың кесірінен мемлекеттің үш миллиард доллар шығынға батқанын айтады.