Сайрамда 21 гектарға жылыжай кешені салынады
САЙРАМ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістанға сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы 27 млн долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.