Елімізде балаларға арналған тегін туристік пойыз шығару ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірлерге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаны Үкіметке Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.