Нұр-Сұлтан әкімдігі ойын-сауық шараларына арналған шығыстарын 1 млрд теңгеге қысқартты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан әкімдігі ойын-сауық шараларына арналған шығыстарын 1 млрд теңгеге қысқартты. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.