Елордадағы діни ахуалды мониторингілеуге 40 млн теңге бөлудің қажеті қанша - «Нұр Отан» өкілі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы діни ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізуге 40 млн теңге бөлу тым көп. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.