Қызылорда облысы индустриялық аймақтар тиімділігінің көрсеткіші бойынша көш бастап тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустриялық жобаларды іске асыруға инвестиция тарту бойынша Қызылорда облысы республика бойынша рейтингте көш бастап тұр, сондай-ақ, индустриялық аймақтар (ИА) мен орналастырылған жобалар саны бойынша екінші орында, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.