Бейжіңде 1500-ге жуық қазақстандық сайлауға қатыса алады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Қазақстан Президентін сайлау өткізу кезеңінде Бейжіңде дауыс берушілер саны 1500 адамға жуықтайды. Бұл туралы ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.