COVID-19 белгілері жоқ 687 вирус тасымалдаушысы тіркелді
2020 жылғы 3-5 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған 687 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушысы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жедел штабқа сілтеме жасап.
Ақмола облысы - 8Ақтөбе облысы - 11Алматы облысы - 60Атырау облысы - 42Шығыс Қазақстан облысы - 31Жамбыл облысы - 12Батыс Қазақстан облысы - 79Қарағанды облысы - 77Қостанай облысы - 3Қызылорда облысы - 32Маңғыстау облысы - 57Павлодар облысы - 6Түркістан облысы - 21Солтүстік Қазақстан облысы - 24Алматы қаласы - 70Нұр Сұлтан қаласы - 98Шымкент қаласы - 56
Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда - 687.
Жедел штаб мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60 пайызға жуығы - инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екенін атап өткен жөн.
Елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушыларды бақылау жалғаса бермек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!