Миллионер
Рождествоның үшінші күні, кеште, пошта конторының бойдақ журналисі Ракитиннің үйінде бірнеше адам қонаққа жиналды. Бұл оқиға үш мың еврей мен шаруа — мазурлар қоныс тепкен, шалғайдағы, өте лас, адамның ішін пыстыратын, шекаралық шағын Красилов деген жерде болатын, тұрғындар арасында өздерін «қауым» деп санайтын шоғыр басқалардан оқшау көзге түсетін. Пошта шенеуніктері, тауарларды шекарадан «өткізу пункті» арқылы рұқсат беретін адамдар, жергілікті полиция, дін иесі мен мұғалім, оның көмекшісімен бірге «қауымға» кіреді.
Жәй күндері артық шығындалмас үшін бірімен бірі сирек қатынасатын олар Рождество мен Пасха мейрамы күндері міндетті түрде біріне бірі кіріп шығатын, қонаққа шақыратын, кезекпен сауық-сайран «думан» құрып, таң атқанша гармон, скрипка...