Қазақтың шоқ жұлдызы
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
Хәкім Абай
Қазақтың шоқжұлдызы, тұғыш ғалымы, ұлы ағартушы-демократ, шығыстанушы, тарихшы, этнограф – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Аз ғана өмірінде кейбір жандардың өмір бойы жасай алмайтын істерін жасап, тарихқа өшпес ізін қалдырған жан.
1835 жылы сұлулығы талай жанды тамсандырған Сырымбетте дүниеге келді. Ақсүйек Шыңғыс тұқымынан шыққан ғалымның шын есімі - Мұхаммед- Қанапия. Туған жерінің сұлулығы әсер етті ме, Шоқан бала кезінен зерек болып өсті. Бір жағынан сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғанымның да тигізген әсері мол еді. 12 жасына толғанда әкесі Шыңғыс Шоқанды сол кездегі таңдаулы оқу орнының бірі...