Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» туындысындағы пәлсапалық ойдың адам өмірімен байланысы
Мағжан Жұмабаевтың абстрактылы, философиялық мәнге ие шығармашылығы адам өміріне еніп, туындымен бірге әбігерге салатыны бар. Мағжанның пәлсапалық ойына, ұшқын атқан терең түсінігіне жазушы Мұхтар Әуезов баға берген: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестесінің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның тегінен асқандай. Сезіме жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай».
Мағжан Жұмабаев бір қоғам өз орнын босатып, жаңа қауымның дәурені жүре бастағанда өмір сүрген. Сол себепті де туындылары адамның сана-сезімін, ойлау қабілетін, күш-жігерін салыстырмалы гипотезамен бейнелейді. Бұндай қадам, әрекет философиялық астардың қоғам үшін маңызын айқындайтындай көрінеді. «Мен жастарға сенемін», «Толқын», «Жел», «Жұмбақ», «Жаралы жан» туындыларында қолданылған мысалдың философиясы адамның бастан кешер жай-күйі, өмір сүруі, ашу, ызасы, жүрек қағысын...