Қазақстанда коронавирус бойынша тағы рекордтық көрсеткіш тіркелді
12 381 науқас төмендегі аймақтардан анықталған:
Нұр-Сұлтанда – 5 788
Алматыда – 1 549
Шымкентте – 380
Ақмола облысында –330
Ақтөбе облысында – 300
Алматы облысында – 405
Атырау облысында – 521
Шығыс Қазақстан облысында – 105
Жамбыл облысында – 192
Батыс Қазақстан облысында – 246 Қарағанды облысында – 1521 Қостанай облысында – 104 Қызылорда облысында – 320
Маңғыстау облысында – 234
Павлодар облысында – 223
Солтүстік Қазақстан облысында– 22
Түркістан облысында – 141 науқас тіркелген.
2020 жылдың наурызынан бері ресми мәлімет бойынша коронавирус жұқтырғандар 1 036 385-ге жеткен. Содан бері 13 072 адам қайтыс болған. 13 қаңтарда 10 адам көз жұмды.
Қазақстанда пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі де 2020 жылдың тамыз айынан бері есепке алынып келеді. Содан бері 84 мың науқас тіркелген. Орташа есеппен күніне ондаған адамға сондай диагноз қойылады. 13 қаңтарда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болған. Бір жарым жылға жуық уақыт ішінде аурудың осы түрі 5 233 адамның өліміне себеп болған.
Қазір 55,8 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 5,5 мыңнан астамы ауруханада жатыр. 211 адамның жағдайы ауыр, 86 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр. "Сары аймақта" : Алматы облысы, Жамбыл, Қостанай облыстары, "Жасыл аймақта": Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Қазақстанда коронавирустың рекордтық көрсеткіші қаңтар басындағы наразылық пен тәртіпсіздіктерден кейін жарияланған төтенше жағдай кезінде тіркеліп отыр.
Елде коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 8,6 мың адам алған.