Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам қайтыс болды
12 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.Қайтыс болғандар арасында 2 адамнан пневмония, 10 адамнан коронавирус анықталған.
15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 55 837 адам коронавирус инфекциясынан (54 157 КВИ+ және 1 680 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
5 516 пациент стационарда,50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
211 адамның жағдайы ауыр, 86 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!