Ана жүрегінің қуаты
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары. Арқаның қысы арқырап тұрған уақыт. Елге оба дейтін дерт тарап, бір төбенің айналасын қыстап отырған ағайынды төрт шаңырақтың отағасы, үлкендері баудай қырылады. Бордай әжеміздің күйеуі, төрт ағайындының кенжесі Тасболат та қайтыс болып, жесір қалады. Онымен қоса Тасболаттың басқа ағаларынан қалған он жасқа толмаған балалардың өзі жиырмаға жуықтайды. Оған өзінің ұсақ балаларын, өзге ересек балаларды қосқанда қырыққа тақау жан қалады. Бас қалқалары — Бордай әжеміз және Тасболаттың тұңғышы 20 жасқа...