Орыс ауыл
Ертеректе осы Қорғалжың өңірінде «орыс ауылы» аталып кеткен бір қазақ ауылы болған екен. Оның қалайша бұлай аталып кеткенін сол жақтың тумасы журналист Төлеген Жәкітайұлы ағам майын тамызып тұрып айтады.
Арқаның қақаған қыс, алапат ақ боранында атпен келе жатқан бір жолаушы сол ауылдың шетіндегі бір үйге түседі. Сөйтсе, әлгі үйдің отағасы қондырмақ түгілі үйіне кіргізбей қойыпты. Қазақ баласынан мұндайды көрмеген әлгі кісі қатты ренжісе керек, сол ауылдағы ешбір үйге түспестен екінші ауылға өтіп кетіпті. Келесі ауылда бір үйге қонып, аты да, өзі де күтіліп шығады. Әңгіме үстінде көрші ауылда болған жайды да жайып салады. Тыңдап отырғандар жағаларын ұстайды. Осылайша кәдімгі Орта...