Қайнағаның қамшысы
Сексендегі қатып қалған қурайдай кемпірдің жатса-тұрса қақылдап айта беретін бір сөзі бар: «Жалғызымның алдында ал, Құдай!». Бес-алты күміс тиын қадаған шолпысы, қураған шөпке ұқсап шолтиып қалған бұрымдарына жабысып ап, өлімсірей сылдырайды. Салақұлаш тоқпақтай бұрымдары бар кезде шолпының сыңғыры өзгеше еді. Аяғына жұқа бөз шұлғауын орап, мәсісін киді, сыртынан калошын сұғып, шапанын бүркеніп,құмғанын алып шығып кетті. Шапанын сүйретіп келе жатып сүрінді… «А, Құдай, жалғызымның алдында ала көр!». Дәрет алып болған соң, дауыстап кітап оқып отырған қызталақ немересінің қасына жантайды. Аяқ-қолы шілмиген сегіз- тоғыз жасар қыз мұрны біздиіп кемпірдің аузынан түсіп қалғандай. «Осы қарағым оқымысты болады-ау. Дұре-ес,...