«Әйелдер поэзиясы» ол қандай поэзия?
Осы сауал мені көп ойландыратын. Әлі ойландырып келеді. Себебі біз поэзия мен оның өкілдері туралы сыни-мақалалар мен әр түрлі жиын-кеңестерде жасалған баяндамалардан шамамен «Әйел ақындардың арасында пәленше-түгеншелер біршама жазып жүр», — деген секілді пікірлерді бойымызға сіңіріп өстік. Жалпы, әдебиет (өнердің қай саласында да солай болар) есігін алғаш ашқан кезде адамда сол ортаға деген құштарлық әсіресе басым болатын тәрізді.
Аңызақ шөл дала. Таңдайы кеуіп, көзі қарауытқан жалғыз жаяу. Байтақ өмірде жарқылдап жүрген күмбір күндер қапелімде көзден бұлбұлдай ұшып, ғайып болғандай. Кеше ғана мәңгіліктей көрінген балауса қиял, бақ-дәурен, ауыздықпен алысып, алыс қияларды ғана армандатқан астыңдағы арғымақ, ат үстінде ойқастап жүрген шалқар шақта...