Әлемдік көмір тұтыну биыл рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін - болжам
БАКУ. ҚазАқпарат - Әлемдік экономиканың баяулауына және Қытайдағы карантинге қарамастан, биыл әлемде көмір тұтынудың өсуіне табиғи газ бағасының күрт өсуі ықпал етуде. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің шілде айындағы есебінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.