Шабытпен барып ,табытпен келген өрендер
Қазақтың өрімдей жас батырлары ел алдында борышын өтеуге отан алдына барады.Қазіргі таңда ержігіттердің "армия" деген сөзді естісе жасқанып қалуының себебі неде?Бұл сұрақ көптің көкейінде шешілмеген жұмбақ секілді із қалдырады.
7-мамыр қазақтың ержүрек батырларының,"Отан қорғаушылар күні"құтты болсын! Батырдың таудай рухын кеуделеріңізге сіңіріп, қазақтың ұл,қызын дұшпанымыздың жерінде ұлын құл ,қызын күн қылмай сақтаушымыз қазақтың батыр ұлдары.Бұл мерекенің де өзіндік орны мен ерекшелігі жетерлік.Осындай отан қорғаушы ұлдарымыздың болғаны,жәннәттің төріндегі бақытты сәтіміз емес пе?
Аяулы анамыз өз перзентін отан алдында борышын өтеуге жіберген сәттен бастап,жанын шүберекке түйіп отыратын заманға жеттік.Себебі,әрбір үйдің бір-бір отау иесі болған жігіттер "шабытпен кетіп, табытпен келуде".Бұл...