Телеграм-каналдар Пригожинге қарасты "тролль фабрикасы" таратылғанын хабарлады
"Патриот" медиахолдингінің құрамына кіретін "Невские новости" басылымы редакциясы жұмысын доғаратынын хабарлап, оқырмандарымен қоштасты.
Ресейдің "Коммерсантъ" басылымы Пригожинге қатысы бар медиаларды Роскомнадзор бұғаттағанын жазды. Не себепті екенін айтпаған.
Бейсенбі күні The Bell басылымы дереккөздеріне сүйеніп, "Патриот" медиахолдингінің меншік иесі ауысуы мүмкін деп хабарлаған.
Өткен аптаның аяғында Пригожин өзіне бағынышты "Вагнер" жалдамалы әскер тобымен бірге "бүлік бастаған" кезде оған қарасты медиа құрылымдарды ресейлік "Новости" ақпарат агенттігі мен "Комсомольская правда" басылымының Санкт-Петербургтегі бұрынғы қызметкері Илья Горбунов басқарып тұрған.