Өтегеннің Абылайды сынауы
Өтеген Абылайға:
— Мен бұл атты жиырма жорғамен бірге жоғалтып едім, тақсыр, әділдігін айтсаңыз,—дейді. Асан болса:
— Алдияр, мен жылқы ұрлаған жоқпын. Өтегеннің атының майын мініп едім. Бермей жүргеніме жеті жылдай болғаны рас. Мені нақақтан күйдірмеңіз. Әділ билігін айтыңыз, — деп шырылдайды.
Абылай Асанның сөзіне құлақ аспастан:
— Өтегеннің жиырма жылқысын алпыс жылқы етіп қайтарасың!, — дейді.
Хан жарлығы — біреу. Асан байғұс...