Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында
Қанжығалы қарт Бөгенбай сексеннен асқан шағында шаруа жайымен жапан далада жалғыз келе жатып, елдің қарасы көрінген соң «атымды таң асырамын ғой, шалдырып барайын» деп атының ауыздығын алып, айылын босатып, шылбырдан ұзын ғып ұстап, бір тасқа қисайып, шақшасын алып, насыбайын атыпты. Шақшасын тастың үстіне қойып, атын шалдырып отырғанда, айғыр мінген бір жас жігіт жетіп келіп, сәлем жоқ, сауқат жоқ:
— Әй, шал, ана шақшаңды әкелші,—депті.
Қарт Бөгенбай шынтақтап жатып, ат үстіндегі жас жігітке шақшаны ұсынады. Анау шақшадан насыбайды ата- ды дағы:
— Әй, шал, мына шақша саған емес, маған лайықты екен, — деп саптама етіктің қонышына сүңгітіп жіберіп тұра шабады....