Ресей қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта оқ астында қалған сарбаздары қаза тапқанын хабарлады
Ақпаратқа қарағанда, оқиға Джанятаг елді мекенінің маңында болған. Қазір ол жерде Ресей мен Әзербайжанның тергеу қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Сәрсенбінің кешінде Әзербайжан қорғаныс министрі осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың жақындары мен серіктеріне көңіл айтты. Әзербайжан жағы бұл оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатқанын айтып, сабыр сақтауға шақырды.
Ресей әскери басшылығы бұл оқиғадан бөлек, бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде де оқ астында қалғанын хабарлады. Ол жерде ешкім зардап шекпеген.
20 қыркүйекте Таулы Қарабаққа қарасты Мец ауылының тұрғыны Севан Манджикян Азаттықтың Армян редакциясына "Ресей мен Әзербайжан әскери қызметкерлері атысып қалғанын" айтқан еді, алайда Баку мұны жоққа шығарды.