Мектептен кейінгі «Болашақ» стипендиясы халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздарына берілуі мүмкін
"Болашақ» стипендиясы арқылы бакалавр дәрежесін алу мәселесі әлі талқыланып жатыр. 2023 жылдың 17 ақпанындағы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысындағы тапсырмаға сәйкес, «Болашақ» стипендиясы шеңберінде бакалавриат бағдарламасымен оқу үшін «жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары және халықаралық, республикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздары» жеке санатын бөлуді жоспарлау мақұлданды. Десек те, бұл сұрақ бойынша әлі де бірнеше уәкілетті органның мамандары жан-жақты зерделеп, шешім шығарады», - деп жауап берді министрлік агенттіктің ресми сауалына.
Бұған дейін министрлік қазіргі «Болашақ» стипендиясының 60% техникалық және IT мамандықтарға...