Алматыдағы ірі даңғылда көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда 1967 жылдан бастап пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Сүйінбай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі.
"1 шілдеден 31 тамызға дейін Алматының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында №375 үйден №419 үйге дейін көлік қозғалысы шектеледі. Аталған көшеде қозғалыс шығыс жаққа қарай жабылады. Батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!