Оян,қазақ! Міржақыптың үндеуі һәм бүгінгі заман
Пай-пай,шіркін,қазағымның әдебиет майданындағы жауынгерлерінің майталмандығына шүбә келтірер жан жоқ-ау,сірә?! Ұшы-қиыры жоқ ұланғайыр атыраптың қай тұсына тұғырыңызды қадасаңыз да қазақ майталмандарының туындылары сізді жебеп тұрары сөзсіз.Бар ғұмырын дана қазақтың рухы мен санасын оятуға арнаған әдебиет майданындағы жауынгерлер халқымыз үшін әрқашан қадірлі.Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік деңгейде ұлттың ерекшелігін танытады. Әдебиет майданында қолындағы қыл қаруымен талай өткелді еңсерген қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері,ақын,жалынды жазушысы-Міржақып Дулатұлы.
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ –Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!-осынау өлең жолдарынан Міржақыптың қарға тамырлы қазақ үшін,айбарлы алты алаш жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі екеніне көз жеткізуге...