ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ
Қазақстан-табиғи байлықтарға ие мемлекет.Мұнда әсем тауларынан бастап өзен-көлдерін көрген жаннан бақытты адам болмасы анық.Бұл мақалада еліміздің ең көрікті жерлері туралы айтатын боламын.
Алматы облысының таңғажайып жерлері:Медеу-жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені.Сәулет өнерінің ерекшелігі мен табиғи ерекшелігінің арқасында Медеу мұз айдыны әлемге танымал. Шымбұлақ-2510 метр биіктікте орналасқан Шымбұлақ тау-шаңғылының курорты-Алматының інжу-маржаны. Бұл жерде таудың таза ауасымен тыныстап қана қоймай шаңғы тебуге болады.
Ақмола облысының ең көрікті жерлерінің бірден бірегейі:Бурабай-Қазақстанның сәнін келтіретін ауасы таза , ерекше көзге түсетін жер.Табиғаты әсем,таза болғандықтан «Қазақстанның Швейцариясы» аталып кеткен. Көкшетау ұлттық паркі- таза көлдер,биік таулар және ну ормандар бұл жерді ерекше ететіні...