Имидждік мақала: КӨШБАСШЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰПИЯСЫ: ТИІМДІ БАСҚАРУ МЕН ТЕРЕҢ ПСИХОЛОГИЯДА
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — еліміздегі ең ірі және беделді оқу орындарының бірі. Университеттің стратегиялық басқару жүйесі еліміздің жоғары білім беру саласында үлгі болып табылады. ҚазҰУ басқару менеджменті мен басқарудың тиімді жүйелерін енгізу арқылы білім сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін нығайтуға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ерекше мән береді.
Осы орайда, басқару психологиясы пәні университеттегі басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі болып табылады және болашақ ұрпақты сапалы оқыту үшін үлкен академиялық негізге ие. 1934 жылы негізі қаланған университет отандық ғылымның, техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің негізі...