Астанада Сарыбұлақ көшесі бір аптаға жартылай жабылады
Осыған байланысты, 21 мен 28 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!