Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: Хорватиямен әріптестік, өнім экспорты және темір жол құрылысы

 Әдеттегідей жаһандағы түрлі ақпарат құралдарында Қазақстан жайлы ақпараттар аз жазылмады. Қазақстанның Хорватиямен әріптестігі, Таяу Шығыс елімен алыс-беріс, жаңа темір жол құрылысы бойынша келісім сөз болды. Бұған қоса, еліміздегі ардагерлердің жайы да жазылыпты. 

Anadolu: Қазақстан мен Хорватия әріптестігі тереңдей береді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның сыртқы істер министрі Гордан Грлич-Радманды Ақордада қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Хорватия арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Жаңалықты Anadolu жазды.

Президент Тоқаев екі ел арасындағы қатынастар конструктивті диалог рухында одан әрі дамитынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы Хорватиямен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Гордан Грлич-Радман Қазақстанға көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Қазақстан мен Хорватия арасындағы өзара іс-қимыл өзара сенім мен сындарлы диалог рухында әрі қарай дами бермек.

Мемлекет басшысы министрдің бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беруге ниетті екенін айқын көрсететінін атап өтті.

Президент энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда хорват компанияларының Қазақстан нарығына қызығушылығының артып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Қазір Қазақстанда Pliva мен Podravka сияқты танымал брендтерді қамтитын 30-дан астам хорватиялық қатысумен жұмыс істейтін компания табысты қызмет атқаруда.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-хорват бизнес-форумына Хорватиядан өкілдік делегацияның қатысуын құптап, қол жеткізілген уағдаластықтар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюіне жол ашатынын атап өтті. Кездесу барысында мәдениет пен білім беру салаларындағы байланысты нығайту перспективалары да талқыланды.

Trend: Ираннан Қазақстанға жеткізілген өнім көлемі аталды

Иран күнтізбесі бойынша, 2024 жылғы 20 наурыздан 20 желтоқсанға дейін Ираннан Қазақстанға мұнайға жатпайтын өнім экспорты шамамен 360 мың тоннаны құрап, 203 млн долларға жетті. Бұны әзербайжандық Trend жариялады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық көрсеткіш бойынша 38,5%-ға, салмақ бойынша 2%-ға артық. Ол кезде Иран Қазақстанға 353 мың тонна өнім экспорттап, одан 146 миллион доллар табыс тапқан.

Экспорттың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай-химия өнімдері және басқа да тауарлар құрады.

Аталған кезең ішінде Иран мен Қазақстан арасындағы жалпы тауар айналымы шамамен 470 мың тонна болып, оның жалпы құны 244 миллион долларды құрады.

Экспорт көлемінің өсуі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын және қазақстандық нарықта ирандық өнімдерге қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Report: Қазақстан мен Ауғанстан жаңа темір жол салуға ниетті

Қазақстан мен Ауғанстан Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Болдак теміржолын салуға қатысу ниетін бекітетін хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Report агенттігінің қазақстандық бюросы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, меморандумға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға сапары аясында қол қойылған.

«Қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы ретінде көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Осы келісім аясында «Тургунди – Герат» теміржол учаскесінің, қажетті инфрақұрылымның және Герат қаласындағы көлік-логистикалық орталықтың құрылысы басталатын болады», – делінген хабарламада.

Аталған жоба Қазақстан үшін өңірлік транзиттік байланыстарды кеңейту, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік-логистикалық қатынастарды нығайту және Үнді мұхитындағы порттарға қол жеткізу тұрғысынан ерекше маңызға ие.

Жаңа теміржол желісі Ауғанстан аумағы арқылы өтетін болашақ трансұлттық дәліздің басты буынына айналып, жүктерді оңтүстік бағытта тасымалдаудың ең қысқа жолын қамтамасыз етеді.

Қол қойылған хаттама Қазақстан, Ауғанстан және Түрікменстан теміржолдары арасында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін АХҚО (Астана Халықаралық қаржы орталығы) юрисдикциясында қарастыруды көздейді.

Сонымен қатар, хабарламада теміржол желісінің бойында бір мезгілде талшықты-оптикалық кабель жүргізу де жоспарланғаны айтылған. Серік Жұманғарин Ауғанстанның азаматтық авиация және көлік министрі Хамидулла Ахундзамен де кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасында тікелей әуе рейстерін ашу, Ауғанстан нарығына қазақстандық автокөліктер мен автобустарды жеткізу, сондай-ақ ауғанстандық студенттерді Қазақстанның жоғары оқу орындарында техникалық мамандықтар бойынша оқыту мәселелерін талқылады.

ТАСС: Қазақстанда 677 мың соғыс ардагері туралы мәліметтер жарияланды

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңартылған «Батырларға тағзым» онлайн-порталында совет-герман соғысының 677 мыңнан астам ардагері туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ресейлік ТАСС хабарлады.

«Жоба фашизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығы туралы естелікті сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Порталда көлемді әрі үнемі толықтырылып отыратын деректер базасы ұсынылған. Қазіргі таңда 677 мыңнан астам ардагер туралы мәлімет қалыптастырылды. Олардың ішінде 365 Кеңес Одағының Батыры, төрт екі мәрте батыр, және Даңқ орденінің 19 иегері бар», – делінген хабарламада.

Портал интерфейсі пайдаланушыларға қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз туыстары – ардагерлер туралы естеліктер мен фотосуреттерді сайтқа жүктеуге, сондай-ақ өзекті жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Қызмет болашақ ұрпақ үшін тарихи жадыны сақтауға арналған платформа ретінде қызмет етеді және Отан қорғаушыларға құрмет көрсеткісі келетін азаматтарды біріктіруге ықпал етеді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Батырларға тағзым» порталын «Электрондық құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесімен біріктіру жоспарланғанын хабарлаған еді. Осылайша, қазақстандықтар соғыс ардагерлері мен олардың ерліктері туралы мұрағаттық құжаттарға қол жеткізе алатын болады.

Қазақстан астанасында 7 мамыр күні Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Көрермендер жаяу парадтық есептердің маршын, механикаландырылған колонналардың шеруін және авиацияның әуе ұшуларын тамашалай алады. Парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады. Механикаландырылған колонна 300-ден астам әскери және арнайы техникалардан тұрады. Әуе шеруіне түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.

Соғыс жылдарында майданға 1,3 миллионнан астам қазақстандық мобилизацияланған, олардың жартысы ұрыс даласында қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда елде Ұлы Отан соғысының 111 ардагері және жеңіске үлес қосқан 42,5 мыңнан астам азамат өмір сүруде.

Сообщение Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: Хорватиямен әріптестік, өнім экспорты және темір жол құрылысы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России