Экран бейнесіндегі ұлт болмысы
Қазақ халқының жүрегінде «елім» деп соғатын сезім ешқашан өшкен емес. Алайда сол ұлттық рухты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – ұлы міндет. Бұл жолда көркем әдебиет пен өнер ғана емес, кино мен телехикаяның да рөлі зор. Соңғы жылдары қазақ телевизиясы мен киноиндустриясы елдік пен ерлік тақырыбына ерекше ден қойып келеді. Тарихи тұлғалар мен оқиғаларға негізделген туындылар көбейіп, көрерменнің рухын тербейтін кезең туғандай.
Мұрат Есжанның «Оян, қазақ!» деректі сериалы мен «Ұлт ұстазы» телехикаясы – Алаш арыстарының бейнесін бүгінгі ұрпаққа табыстаған көрнекті жобалар. Ахмет Байтұрсынұлы бастап, Міржақып Дулатұлы қостаған зиялылардың күресі экран арқылы қайта тіріліп, көрерменге еркіндіктің, рухтың, білімнің не екенін қайта еске салады....