Қазіргі уақытта ағылшын тілінің қоғамдағы рөлі
Ағылшын тілі — қазіргі таңда халықаралық қатынас тілі болып есептеледі. Көптеген адамдар бұл тілді жетік меңгерген. Ағылшын тілі — “әлемдік тіл”. Бұл — әлем бойынша ең кең таралған және ықпалды тілдердің бірі. 2023 пен 2024 жылдар аралығында ана тілі ретінде ағылшынша 380 миллион адам сөйлесе, екінші немесе шет тілі ретінде 1,12 миллиард адам бұл тілді меңгерген. Жалпы алғанда 1,5 миллиард адам ағылшын тілінде сөйлей алады.
Ағылшын тілін үйрену — болашаққа жасалған үлкен қадам. Бұл тіл көптеген мүмкіндіктерге жол ашады: шетелде білім алу, жұмыс істеу, жаңа достар табу, түрлі мәдениет өкілдерімен пікір алмасу, білім мен ой-өрісті...