Көп тіл білу – заман талабы ма?
Тіл – әр ұлттың өзіндік ерекшелігі.
Осы тіл арқылы біз олардың тарихын, оқиғаларын, салт-дәстүрі мен мәдениетін біле аламыз. Қазақстан – қонақжай мемлекет. Мұнда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Осыған байланысты елімізде көптеген тілде сөйлейтін адамдар бар. Дегенмен, “Қазіргі заманда көп тіл білу – заман талабы ма?” деген сұраққа тоқталғым келеді. Қай заманда болмасын, бірнеше тілді меңгеру – мемлекет үшін де, жеке адам үшін де маңызды. Себебі тіл арқылы адам өз Отанына пайдасын тигізіп қана қоймай, өзінің болашағына, білім алуына, кәсіби өсуіне жол ашады.
Қазіргі таңда көп тілді болу – халықаралық талапқа айналды. Әсіресе, әлемдік...