Таразда Отан қорғаушы күні аталып өтті
– Отан қорғаушы күні – мемлекетіміздің қуаты мен берік тірегін айқындайтын, ел тыныштығы жолында өмірін сарп еткен жандардың ерлігін ұлықтайтын айрықша мереке. Бұл – әскери қызметті абыроймен атқарып жүрген ер азаматтардың қажырлы еңбегіне деген ел құрметінің жарқын көрінісі.Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің әскери әлеуеті жыл санап нығайып, Қазақстан армиясы заман талабына сай жаңғырып келеді.Бүгінде Қарулы Күштеріміз – ел қауіпсіздігі мен тұтастығының сенімді қалқаны. Әскеріміз шекара шебін берік күзетіп қана қоймай, халықаралық аренада да бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне белсене атсалысуда. Ел тыныштығын күзетіп, халық амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген қайсар ерлерімізге құрмет пен тағзым – әрбіріміздің азаматтық парызымыз, – деді өңір басшысы.
Сообщение Таразда Отан қорғаушы күні аталып өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.