СЫРҒА СЫРЛЫ САЯХАТ
Салиева Бақнұр Айбекқызы
«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп сәлем береді,» - деген қазақ мақалындағы көріністі бар жылы жұмсағын қонағына ұсынатын қонақжайлылығы, ата-бабадан сақталып келе жатқан салт-дәстүрі, тілі мен ділі сақталған, қаймағы бұзылмаған, тарихи-мәдени мұраларға бай жер – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Сыр елінен таба аласыз. Осы өңірдің Қазақстан дамуына қазіргіден де зор ықпалын тигізе алатындығын мына қиялдағы Сырға саяхаттан байқауға болады:
«Ұшағымыз мамықтың үстіне қонғандай Кызылорда қаласының әуежайына келіп аялдады. Сыртта үш тілді жетік меңгерген экскурсоводпен қоса, қазақи нақышта әрленген туристік жолаушы көлігі күтіп тұрды. Саяхатшылар жеркіндігі атанған Қорқыт ата мекенін, оғыздардың астанасы болған...