Органикалық және көміртекті егіншілік: Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты
– Қазақстан топырақ пен биомассада көміртекті секвестрлеу үшін кең мүмкіндіктерге ие. Жайылымдар мен пайдаланылмай жатқан егістік алқаптардың едәуір бөлігі қалпына келтіріліп, тиімді көміртек резервуары ретінде пайдаланылуы мүмкін. «Көміртекті полигондар» құру бастамасы – деградацияланған жерлерге орман белдеулері мен көпжылдық дақылдар отырғызу арқылы елдің «жасыл өкпесін» қалыптастыруға бағытталған. Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға дейін CO₂ шығарындыларын 325 млн тоннаға дейін қысқарту көзделген. Бұл міндетті іске асыруда аграрлық сектордың белсенді қатысуы қажет.Осы тұрғыдан алғанда, органикалық және көміртекті егіншілік бірін-бірі толықтыратын тәсілдер ретінде қарастырылады. Ауыспалы егіс, компост енгізу, сидераттарды пайдалану, топырақты минималды өңдеу сияқты органикалық әдістер гумустың жиналуына ықпал етеді.Еуропалық Одақ елдерінде органикалық шаруашылықтар топырақтағы органикалық заттардың құрамын сақтауға міндетті. Бұл, өз кезегінде, топырақтың құрғақшылыққа және эрозияға төзімділігін арттырады, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.
Сообщение Органикалық және көміртекті егіншілік: Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.