Қайырымдылық жасау — “мода” ма?
Қазіргі кезде мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген ақ пейілді азаматтардың көптігіне көзің тояды. Бірі үй сыйласа, бірі ойға сыймайтын бағалы заттар мен бір жылдық азық-түлік алып береді. Желі қолданушыларын тәнті еткен осындай ғажап көріністер көп. Алайда шын мәнінде не болып жатқанын бір Алла ғана біледі.
Әрине, мұқтаж жанға көмектесу – қайырымды іс. Бұл – үлкен жауапкершілікті, халықтың артқан аманатына адал болуды қажет етеді. Алайда бүгінде қайырымдылықтың атын жамылып, жеке басының қамын күйттегендер де көбейіп келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша бірнеше ірі және жекеменшік қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Солардың ішіндегі ең ауқымдыларының бірі – “Қазақстан халқына” қоғамдық қоры (ҚХҚ). 2024...