Жеті атасын білмеген – жетесіз
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Бағзы заманнан бері ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына шыққан тегін танып-білу үшін ес білген сәтінен бастап жеті атасын жатқа үйретіп, біліп жүруін міндеттеген. Жеті атаны білу — терең мағынасы бар ұлттық құндылық.
Дегенмен, қазіргі таңда жеті атасын біле бермейтін жастардың қатары артып келеді. Бұл — отбасында айтылмайтын дүние ме, әлде жастардың өзі мән бермей ме? Қалай болғанда да, бұл – алаңдатарлық жағдай.
Жеті атасын білу — тек рухани құндылық қана емес, оның биологиялық және тәрбиелік маңызы да зор. Қазақтың тектілігінің мәні де — осында. Сондықтан жеті атасын білмеу — қазақ баласына...