Біздің үйдегі дәстүр
Біздің үйдегі дәстүр
Әрбір отбасы шағын мемлекет.Және әр мемлекетте өзіндік бір ерекше дәстүрлер бар.Кейбір отбасылар әр демалыс сайын бірге серуендесе,бір отбасында әрбір мерекені үлкен етіп тойлау дәстүрі бар.Менің отбасымдада сондай бір бұрыннан қалыптасқан дәстүр бар.Біз үшін жұма күнінің орны ерекше.Апта күндерінде барлық отбасы мүшелері жұмыста,мектепте боламыз.Әркім өз жұмысымен айналысады.Тіпті кейде бір бірімізді көрмей қаламыз.Жұма күні барлығымыз өз жұмыстарымызды ұмытып,кешкі асқа асығамыз.Бұл күн біз үшін жай ғана апта соңындағы күн емес,бұл күн жанұямызбен жиналып,бір-бірімізбен уақыт өткізіп,махаббатпен қамқорлықты сезінетін күн.
Анам бұл күні әрқашанда ерекше ас әзірлеуге тырысады.Әкемде жұмыстан кейін асыға шығып, үстел үстіне қоятын кондитерлік тәттілерді алып келеді.Мектептен шаршап келіп,үйдің есігін ашқанда,мен барлық уайымымды,шаршағанымды ұмытамын.Себебі,бұл күні үйде барлығы у шу болып жиналып жатады.Кешке...