Нанға сатып алынған қазақ қыздары
Нанға сатып алынған қазақ қыздары.
„Көшпенділер”кітабынан оқыдым.Қазақ жеріне келген орыс офицерлерге әйел жетіспеді. Сондықтан үкімет Сібір және Орынбор көшпенділері қыздарын өз пайдасына тарта бастады. 15 жасқа дейінге қызды НАНҒА сатып алып, оны православие дінін қабылдатып, үй шаруасына жұмсады. Қыздар болашақ күйеуін өздері таңдай алды. Бірақ оны кім тексеріп жатты?
Сол заңның азабын тартқан ең бірінші қыздардың бірі - 7 жасар Алтыншаш - Тайжанның қызы. Тайжан және Сейтен - Кенесары көтерілісінің бел ортасында болған ағайынды батырлар. Үкімет Тайжанды өлім жазасына кесіп, 3 ұлын сібірге айдап, 7 жасар қызын алып кеткен. Қыз Омбы қаласында тауар секілді сатылымға шығарылып, оны генерал-майор Фондерсон деген бір адам прислуга қылып сатып алады.
...