Ал сіз білідіңіз бе?
Жұмақын Гүлсім Ернарқызы
Ал сіз білдіңіз бе?
Қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай емес.Мектепте, кітапта, интернетте ең тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин деп оқыдық. Себебі қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кісі. Негізінде, тарихқа үңілсек, Ыбырайдан да ерте мектеп ашқан адам болған. Ол… Жәңгір хан.
Тарихтағы Салқам Жәңгір емес. Бөкей ордасын құрған - Бөкей ханның ұлы - Жәңгір. Ол жайлы біз Исатай/Махамбет көтерілісін өткен кезде оқыдық. Осы көтерілістен кейін оны оңбаған, жаман Жәңгір деп біліп алдық. Оған себеп:
1. Қазақ жерлерін өз туыстарына беріп, билік басына тек туыстарын отырғызған.
2. Ресеймен тығыз байланыс орнатып, соның “құлына” айналған.
3. Сөзімен келіспегендердің бәрін қырып отырған.
Ыбырайдың мектебі 1864 жылы ашылса, Жәңгір...