Ұлы Даладағы АЭС: Бізге атом энергиясы қажет пе?
Уранға ерекше бай Қазақ жерінде әлі күнге дейін атом электр станциясы салынбады. Бірақ кейінгі жылдары елде біршама өзгерістер орын алды, сол өзгерістер арасында ҚР-дағы алғашқы АЭС-тің салынуы жайлы қаулы да бар.
Алғашқы атом электр станциясының құрылысы жайында 1997 жылы сөз қозғалды. Алайда бұл идея Чернобль апатынан көп уақыт өтпей жатып айтылғандықтан, бұқара халықпен қоса сарапшы мамандар да бұған қарсылық танытты. Сол себепті жоба тоқтап қалды.
2006-2023 жылдар аралығында бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланып, 2023 жылы 31 тамызда Ресаублика президенті Қасым-Жомар Тоқаев жалпыұлттық референдум өткізу арқылы, осы мәселені шешуді ұсынды.
“Атом электр станциясын салу немесе салудан бас тарту – еліміздің...