Мен–болашақ журналистпін
Журналистика – билік пен оның қайнар көзі – халық арасындағы ақпарат көпірі. Журналистердің мақсаты — Дархан Әбдік айтпақшы, ақпаратты дұрыс немесе жартылай дұрыс жеткізу емес, оны толық әрі шынайы жеткізу. Журналистердің бойында болу керек ең басты қасиет- шыншылдық.
Журналистика прогрессивті адамдарды қажет етеді. Өйткені бұл сала күннен-күнге дамуда. Осыдан 100 жыл бұрын ақпарат көзі – газет болған болса, қазіргі сәтте керек мағлұматты, жаңа жаңалықты кез-келген әлеуметтік желіден біле аламыз. Цифрлық технология дамығаны соншалықты, жасанды интеллект дәстүрлі ақпарат көзін алмастыра бастады. Алайда мұның пайдасымен зияны қатар жүреді. Адам ыңғайлы жағдайға тез бейімделеді демекші, ақпаратты өзіміз іздемей, миымызды іске қоспай, тек дайынның...