Кибербуллинг – заманауи ақпараттық қауіп
Қазіргі заманда интернет пен әлеуметтік желілер адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Алайда цифрлық технологиялардың дамуы бірқатар жаңа әлеуметтік мәселелерді де тудырды. Солардың бірі – кибербуллинг, яғни интернет арқылы адамның ар-намысы мен психологиялық жай-күйіне әдейі нұқсан келтіру.
Кибербуллинг ұғымы
«Кибербуллинг» термині ағылшын тілінен енген: «cyber» – интернетпен байланысты, «bullying» – қорлау, қысым көрсету деген мағынаны білдіреді. Бұл – адамның жеке өміріне қол сұғып, оны психологиялық тұрғыдан қудалау, қорқыту, мазақтау, шеттету әрекеттерін онлайн кеңістікте жүзеге асыру.
Кибербуллингтің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
• Әлеуметтік желілерде қорлайтын, масқаралайтын фотосуреттер мен жазбалар жариялау;
• Жеке хаттар арқылы балағат сөздер айту немесе қоқан-лоққы көрсету;...