Әлеуметтік желілер пайдалы ма, әлде зиян ба?
Қазіргі заманда әлеуметтік желісіз өмірді елестету қиын. Күнделікті жаңалықпен бөлісу, алыстағы жақынмен тілдесу, білім мен ақпарат іздеу – барлығы осы виртуалды кеңістікте жүзеге асып жатыр. Бұл, сөзсіз, әлеуметтік желілердің үлкен пайдасы екенін көрсетеді.
Мәселен, алыста жүрген туыстармен, достармен байланыс үзілмейді. Қажетті мәліметтер мен жаңалықтарды лезде тауып, түрлі салалар бойынша білім алуға да мүмкіндік бар.
Алайда бәрі де шектеумен болғаны дұрыс. Әлеуметтік желіге шамадан тыс тәуелділік адамға зиянын тигізбей қоймайды. Көптеген адамдар бос уақытын түгел дерлік телефон шұқылап өткізеді. Бұл тек көздің көру қабілетіне емес, психологиялық жағдайына да әсер етеді.
Адам өз өмірімен емес, өзгенің өмірін бақылаумен әуре болады. Уақыт өте...