Кибербуллинг – заманауи қауіп
Цифрлы технологиялар дамыған қазіргі заманда адамдар интернет арқылы ақпарат алмасып, білім алып, қарым-қатынас орнатып, түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр. Алайда, осы артықшылықтармен қатар жаңа қауіп-қатерлер де пайда болуда. Солардың бірі – кибербуллинг. Бұл ұғым әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде немесе басқа да онлайн платформаларда адамды қорлау, мазақ ету, қорқыту, жала жабу немесе әдейі ренжіту әрекеттерін білдіреді.
Кейбіреулер кибербуллингті «жай ғана әзіл» немесе «қалжың» деп қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл – өте қате түсінік. Кибербуллингтің салдары адамның психикалық және эмоционалдық жағдайына үлкен зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе жасөспірімдер үшін бұл – өз-өзіне сенімділікті жоғалту, күйзеліс, жалғыздық, тіпті өмірге деген қызығушылықтың төмендеуіне алып келетін ауыр жағдай....