Көп тіл меңгеру — заман талабы
Қазіргі жаһандану дәуірінде бірнеше шет тілін білу — адамның жеке қызығушылығы ғана емес, еңбек нарығындағы сұранысқа сай қажеттілікке айналып отыр. Әлем елдері арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстардың артуы көптілділіктің маңызын арттыра түсті. Бұл үдеріс жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және кәсіби әлеуетінің артуына тікелей ықпал етеді.
Бүгінде шет тілін меңгеру көптеген адамдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бір жағынан, тіл үйрену – саяхаттап, жаңа мәдениеттермен танысудың құралы болса, екінші жағынан — білім алу, халықаралық компанияларда қызмет ету немесе кәсіби аударма саласында жұмыс істеу үшін маңызды құрал. Мәселен, ағылшын тілін жетік меңгеру арқылы шетелдік жоғары оқу орындарына түсу, халықаралық деңгейдегі жобаларға қатысу...